20 мың доллар пара алған Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы ұсталды

23 қаңтар, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
20 мың доллар пара алған Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы ұсталды Антикор Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды taulik.kz. Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Ол Астана қаласы тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.