Жаңалықтар

Қостанайда тұрғын үй баспалдағында ер адам өртеніп кетті

Қостанайда тұрғын үй баспалдағында ер адам өртеніп кетті

Қостанайда көпқабатты үйдің кіреберісінде ер адам өртеніп кетті деп, хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға орнынан түсірілген суреттерді басылымға оқырман жіберген. Ол жантүршігерлік жағдай 21 қаңтарда Қостанайдағы 8-шағын аудандағы №11 үйдің кіреберісінде болғанын айтқан.
«21 қаңтарда сағат 13:16-да 8 шағын ауданнан коңырау шалынды. 10 қабатты тұрғын үйде баспалдақта қоқыс өртеніп кеткен. Сонымен қатар 9 және 10-қабаттар арасындағы баспалдақта өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Тұрғындарды эвакуациялау қажет болмады. Өрт 13:55-те ауыздықталды», – деді Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
 width=