Жаңалықтар

Италияда қаза тапқан Қазақстан азаматы туралы тың дерек шықты

Италияда қаза тапқан Қазақстан азаматы туралы тың дерек шықты

Италияда көлік қағып кеткен қыздың мүрдесін Қазақстанға жеткізу мемлекет есебінен болады. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Шетелде қиын жағдайға тап болған еліміздің азаматтарына көмек көрсету мақсатында Сыртқы істер министрлігінде тиісті қаражат қарастырылған. Осы орайда Қазақстан азаматтарына қатысты шығындарды мемлекет өтейді. Жақында Италияда біздің елдің азаматын көлік қағып кетіп мерт болды. Бұл қайғылы оқиға бойынша туыстары бізге өтініш жасаған болатын. Қазір марқұмның мүрдесін Қазақстанға жеткізуге қаражат бөлініп жатыр. Бұл тұрғыда тиісті құжаттар рәсімделеді», - деді Смадияров.