Жаңалықтар

Көктемде төрт облыстан басқа өңірді су басуы мүмкін

Көктемде төрт облыстан басқа өңірді су басуы мүмкін

Биыл Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау және Павлодар облыстарынан өзге өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы Экология министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz. Елдегі осындай нысандардың көбі кеңес заманында тұрғызылған. Талап бойынша, олар тек 25 жылға дейін ғана жарамды. Алайда Қазақстандағы нысанның бәрі жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп тұр.
«Бұзып, қайта салмасақ та, Үкімет жыл сайын оларды жөндеу, қалыпқа келтіру жұмысына қаражат бөліп жатыр», – дейді мамандар КТК телеарнасына.
Мысалы, биыл екі су қоймасы осындай жоспарлы жөндеуден өткізіледі. Оның бірі – сыйымдылығы жағынан ең үлкен Шардара су қоймасы.
«Бассейн инспекция, ТЖД, дергілікті атқарушы органдар бар, барлық комиссия тексерді. Қатты күмән туған жағдайда арнайы сертификаты бар мекемелерді тартып, оның жағдайына бізге қорытынды беріп отырады. Қаншалықты қауіптіқауіпсіз екені туралы. Соған байланысты біз мемлекеттен ақша сұраймыз», – деді «Қазсушар» РМК бас директорының пайдалану және автоматизация жөніндегі орынбасары Ербол Салихбаев.