Ердоған Құранды өртеген швециялық саясаткерге жауап берді
Ердоған Құранды өртеген швециялық саясаткерге жауап берді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Швецияның астанасы Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында «Қатаң бағыт» партиясының жетекшісі Расмус Полудан акция өткізіп, көпшілік алдында Құранның көшірмесін өртеп жіберген әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды taulik.kz.
«Біз – шыншылмыз. Біреу бізге теріс қылық көрсетсе немесе дөрекі әрекет еткенде, біз оларға әрқашан шындықты айтамыз және швед басшылығының бізге қатысты құқықтар мен бостандықтар туралы айтуының мүлде қажеті жоқ.
Біріншіден, егер сіз құқықтар мен бостандықтарды осылай құрметтесеңіз алдымен Түрік Республикасын немесе мұсылмандардың дінін құрметтеу арқылы көрсетіңіз. Кешіріңіз, егер сіз мұндай құрмет көрсетпесеңіз, біздің тарапымыздан НАТО-ға кіруге ешбір қолдау көрсетілмейді»,- деді Ердоған.
Айта кетейік, осыған дейін Швециялық саясаткер және адвокат Расмус Палудан
Түркия елшілігінің алдында акция өткізіп, Құранның көшірмесін өртеп жіберген еді. Акцияға Швеция билігі рұқсат беріп, тіпті Полуданның қауіпсіздігін жергілікті полиция қызметкерлері қамтамасыз еткен болатын.