Назарбаев кетер алдында тағайындаған Қожамжаров та кетті
Назарбаев кетер алдында тағайындаған Қожамжаров та кетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Сенат депутаттарының өкілеттігін тоқтатты. Соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кетерде өзі тағайындап кеткен Қайрат Қожамжаров та бар.
Қожамжаров сенатор болды әрі депутат ретінде қол сұғылмаушылық құқығына ие болған. Атап айтқанда, бұл 2019 жылдың 19 наурызында бекітілді.
Айта кету керек, Қожамжаровты сенатор ретінде тағайындау Назарбаевтың соңғы қол қойған әрі тағайындаған құжаттарының бірі болған. Содан кейін ол президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.