Жаңалықтар

Жаңа туған сәбиді сатпақ болған дәрігерлер ұсталды

Жаңа туған сәбиді сатпақ болған дәрігерлер ұсталды

Тараз қаласының прокуратурасы мен Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесе отырып, жедел іздестіру шараларының арқасында жаңа туған сәбиді сату фактісін анықтады, деп хабарлайды taulik.kz Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
«12.01.2023 жылы аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкері ұсталды. Аталған тұлғалар ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – делінген хабарламада.
Аталған қылмыстық іс қала прокуратурасының бақылауына алынған.