Пәтерді ыстық су басып, 1,5 жасар сәби мерт болды
Пәтерді ыстық су басып, 1,5 жасар сәби мерт болды
Көкшетау қаласында көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінде коммуналдық апат болып, бөлмені қайнаған су басқан. Соның салдарынан бір жарым жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
«Мейірімді жүрек» қоғамдық қорының жетекшісі Ирина Котухованың мәліметінше, пәтерде радиатордың шүмегі үзіліп, кішкентай қыз бала ұйықтап жатқан бөлмені ыстық басып қалған.
«Бу сәбидің тыныс жолдарын қарып, жедел жәрдем жеткенше комаға түскен», - деп жазады Ирина Котухова.Оның айтуынша, кішкентай қыздың әкесінің де аяғын күйік шалған.
«Қайтыс болған сәбидің ата-анасы өмірдің мәнін жоғалтқандай күй кешіп отыр. Алайда олардың үлкен ұлы болғандықтан, пәтерде өмір сүруге қажетті жағдай жасау қажет екені түсінікті. Қайғылы оқиғадан зардап шеккен отбасының туыстары материалдық көмек сұрап өтініш білдірді.