Қазақстанда «Супер ХҚКО» пайда болады
Қазақстанда «Супер ХҚКО» пайда болады
Қазақстанда «Супер ХҚКО» пайда болады, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Министрдің айтуынша, «супер ХҚО» мемлекеттік қызметтерді алуға қажетті барлық органдар шоғырланған ғимарат болады.
"Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша клиенттік тәжірибеге сүйене отырып, біз азаматтардың ХҚКО-да қызмет алғаннан кейін басқа органдардың табалдырығын аттайтынын түсіндік: БЖЗҚ, коммуналдық қызметтер, әкімдіктер және т.б. азаматтардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін осы ұйымдардың барлығын бір ғимаратқа шоғырландыру. Бүгінге дейін біз Астана әкімдігімен оның біртұтас кеңістік, яғни азаматтарға жайлы және сапалы қызмет көрсету үшін «Супер ХҚКО» болатынына келістік», - деді Мусин министрліктің алқа мәжілісінде.