Рудныйда жылу құбыры тағы жарылды
Рудныйда жылу құбыры тағы жарылды
Рудныйда жылу құбыры тағы жарылды, - деп хабарлайды Taulik.kz qazaqstantv-ға сілтеме жасап.
Салдарынан 24 көп қабатты үй және 59 жер үй жылусыз қалған.
«Горняков көшесі бойында диаметрі 530 мм жылу трассасы жарылды. Жылу желісіндегі жарықтың орны анықталды» деп хабарлады қала әкімдігі баспасөз қызметінен.
Еске салайық, 19 қаңтарда Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалған еді.