Жаңалықтар

Қазақстанда парацетамол тапшылығы бар ма?

Қазақстанда парацетамол тапшылығы бар ма?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы парацетамол тапшылығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды taulik.kz. Министрдің айтуынша, елімізде парацетамол тапшылығы жоқ.
«Павлодар мен Қарағанды облысында дәріханаларда парацетамол жетіспейді деген мәселе болды. Бүгінгі таңда дәріханаларға дәрі-дәрмек әкелетін барлық дистрибьютормен келіссөздер жүргізілді, елде парацетамол тапшылығы жоқ. 500 мыңнан астам қаптама бар. Бұл тек таза парацетамол. Құрамында ацетаминофен бар препараттың саны – 1,5 миллион пакет», – деді министр.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта дистрибьюторлармен елді барлық препаратпен жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.
«Денсаулық сақтау министрлігі қазір эпидемиялық маусым, жедел респираторлық вирустық инфекциялардың көбеюі екенін ескеріп отыр. ЖРВИ, тұмау, коронавирус кезінде қолданылатын барлық препаратқа апта сайын мониторинг жүргізіп отыр. Ешқандай проблема жоқ», – деді министр.