Таразда 19 жастағы бойжеткен бесінші қабаттан секіріп кетті
Таразда 19 жастағы бойжеткен бесінші қабаттан секіріп кетті
Тараз полициясының мәліметінше, 19 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Taulik.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Зардап шеккен азамат 19 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Оқиғадан кейін ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді», - деп жазады polisia.kz. Telegram арнасы.Полицейлер оның әрекетінің себебі тергеу барысында анықталатынын айтты. Басқа мән-жайлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.