Жаңалықтар

Әскери борышын өтегендер ЖОО-ларға қандай құжаттар тапсыруы керек?

Әскери борышын өтегендер ЖОО-ларға қандай құжаттар тапсыруы керек?

ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мерзімді әскери қызметін өткерген жастарға жоғары оқу орнына жеңілдетілген тәртіппен түсуі үшін қандай құжаттарды тапсыруы керек екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Айта кетейік, ҚР Қарулы күштерінің құралымдары қатарында мерзімді әскери қызметін өткерген азаматтар үшін ЖОО-ға түсудің жеңілдіктері қарастырылған.
«Бұл жеңілдіктерді пайдалану үшін жастар тиісті құжаттарды жоғары оқу орындарына тапсыру керек. Оның арасында әскери қызметті өткергені туралы анықтаманы ұсыну тиіс. Бұл құжатты халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады», - деді А. Төлембаева Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, жастар әскери билет пен жеке куәліктің, білімі туралы құжаттың көшірмесін, 086 анықтамасын тапсыруы тиіс. Бұдан бұрын хабарланғандай, қызмет аяқталғаннан кейін ҰБТ-ны ескерместен екі жыл ішінде ақылы негізде ЖОО-ға оқуға түсу мүмкіндігі бар. Екіншіден, жауынгерлік даярлықта, жүктелген міндеттерді орындауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген және үлгілі әскери тәртібімен ерекшеленген әскери қызметшілерге ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО есебінен оқу құқығы беріледі. Бұдан өзге, оқу орнының әскери кафедрасында емтихансыз тегін оқуға болады. Атап айтқанда, мерзімді әскери қызметін өтеп шыққандар қатардағы жауынгер болады. Ал егер офицер шенін алғысы келсе, олар әскери кафедрада білім алып, лейтенант атанады.