Орал тұрғыны әйелін көсеумен ұрып өлтірді
Орал тұрғыны әйелін көсеумен ұрып өлтірді
Орал қаласында бір күнде екі кісі өлімі тіркелді, деп хабарлайды taulik.kz БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бірінші оқиға Зачаган кентіндегі Б.Жәнекешев көшесінде болды.
«29 қаңтар күні сағат 01.00-де бірге арақ ішу барысында төбелес болып, пышақ жарақатын алған 1991 жылғы тұрғын оқиға орнында көз жұмды. Кісі өлтіруге күдікті ретінде 1989 және 1981 жылғы тұрғындар ұсталды. Екінші оқиға сағат 16.30-да болды. 1990 жылғы тұрғын үйінде 1982 жылғы азаматтық некедегі әйелімен сөзге келіп, басынан көсеумен әлденеше рет ұрған. Соның салдарынан әйел оқиға орнында жан тапсырды. Екі оқиға бойынша да ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.