Жаңалықтар

Ақтауда ер адам банкке келушілерге пышақпен шабуыл жасаған

Ақтауда ер адам банкке келушілерге пышақпен шабуыл жасаған

Ақтауда ер адам банкке келушілерді пышақпен қорқытқан. Шабуыл видеоға түсіп қалды. Ақтау қалалық ІІБ мәліметінше, оқиға 16 қаңтарда 31А ықшамауданындағы «Халық банкі» филиалында болған. Полиция таратқан кадрларда ер адамның келушілер мен банк ғимаратындағы банкомат қызметкерін пышақпен қорқытып жатқанын көруге болады. Қарулы азаматты ұстауға банк клиенттері көмектескен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ақтау Қаласы Полиция Басқармасы (@up_aktau_polisia)

"Ақтауда тонау фактісі анықталды. Белгісіз тұлғаның алкогольдік масаң күйде банкке келушілер мен қызметкерлерін пышақпен қорқытып, қарақшылық шабуыл жасағаны анықталды. Жедел іс-шаралар барысында 43 жастағы азамат ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген полиция хабарламасында.