Жаңалықтар

Қапшағай тас жолында жол апаты болып, ер адам өртеніп кетті

Қапшағай тас жолында жол апаты болып, ер адам өртеніп кетті

Алматы облысындағы тас жолда апаттан кейін көлік өртенген. Көлік ішіндегі бір адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Taulik.kz zakon.kz-ге сілтеме жасап. 30 қаңтарда Қапшағай тас жолының 54-шақырымында Ford Mondeo мен Mercedes-Benz C-Class көліктері соқтығысты. Соққыдан Форд жолдан шығып, арыққа түсіп, жалынға оранды. Жүргізуші көлікте өртеніп қаза тапқан. Басқа жолаушылардың бар-жоғын полицейлер анықтайды. Соққыдан Мерседес жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көліктің дөңгелегі жұлынып кеткен, көлік бірнеше рет тоқтаған жерге соғылған. Ол жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Алдын ала болжам бойынша, Ford Mondeo трассада сырғанап кеткен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүр.