Басынан алып құрт алынған қыз дәрігерлермен суретке түсті
Басынан алып құрт алынған қыз дәрігерлермен суретке түсті
Семейде бұған дейін басынан алып эхинококк ісігі алынған науқас ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы жақсы, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
"Науқас кеше жағдайы қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Ешқандай шағымы жоқ, одан кейін тұрғылықты жері бойынша невропатологқа қаралады. Тігістер алынып тасталды, жара жазылды", - дейді Семей қалалық ТЖД нейрохирургтері.
Алып паразитті алуға арналған отаны Жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері Семей Алтай Құлтуманов, Төлеуғали Қойшыбаев, Құмар Сейілханов және Дамир Бекенов жасады. Бойжеткен олармен естелік ретінде суретке түсті.
17 қаңтарда Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының (ТЖМ) невропатолог дәрігерлеріне 20 жастағы қыз түсті. Алғашында ол инсульт болды деп күдіктенген, бірақ оның миының томографиясында диаметрі 5,5 сантиметр болатын үлкен киста анықталды. Аз уақыттың ішінде эхинококкоз диагнозы қойылып, краниотомия жасап, ісікті алу туралы шешім қабылданды. Оған бірден ота жасалды.
Краниотомия және ісікті алып тастау отасы екі сағатқа созылды.
Мидың эхинококты кистасы (ми эхинококкозы) – Echinococcus multilocularis және Echinococcus granulosus гельминттерінің дернәсілдік сатыларынан туындаған орталық жүйке жүйесінің табиғи ошақты паразиттік ауруы. Паразиттер ағзаға лас қол арқылы енеді, сонымен қатар ит, мысық, түлкіден де жұғады.
Уақытылы емделмесе, эхинококкоз өлімге әкелуі мүмкін.