Жаңалықтар

Астанада полиция қызметкеріне пара бермек болған видео тарады

Астанада полиция қызметкеріне пара бермек болған видео тарады

Астанада полицейге пара бермек болған оқиға видеоға түсіп қалды. ІІМ-нің ресми Telegram-каналында хабарланғандай, Сейфуллин көшесі бойында патрульдік полиция полкінің инспекторы «Тойота Эстима» маркалы автокөлігін нөмір оқылмай тұрғандықтан тоқтатқан (ҚазақстанРеспублика Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 1-бөлігі). "30 жастағы жүргізуші патрульдік автокөлігінің салонында келе жатып, жауапкершіліктен жалтармақ болып, алдыңғы орындықтардың арасына 10 000 теңге қойып кеткен. Полиция қызметкері ақшадан бас тартып, сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өз басшылығына және ӨҚК органдарына хабарлаған", - делінген хабарламада. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.