Жаңалықтар

Экс-депутат Әбдіровке: «Адал жолға түс»

Экс-депутат Әбдіровке: «Адал жолға түс»

Желіде белгілі қоғам қайраткері, экс-депутат Серік Әбдірахмановтың ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровқа жазған хаты жарияланды, деп хабарлайды taulik.kz. Хатта Әбдірахманов комиссия жұмысын сынға алады. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы 1995 жылдан бастап Қазақстандағы Парламент пен мәслихаттарды ұрылардың жекеменшігіне айналдырудағы ең негізгі қылмыстық орталыққа айналғанын айтады.
«Өтірік сайлау, жасанды партиялар, жалған үнсіз депутаттар арқылы «биліктің бірден-бір бастауы халық» деген конституциялық қағида жок болды. «Ұры жүйе» деген осы. Назарбаев кетсе де, ұрылар билікті ұстап қалды. Жауапкершіліктен коркады. 238 адамның өліміне ескі және жаңа ұрылар кінәлі екені сөзсіз. Токаевты да олар бүгін шектеп отыр», – деп жазды ол.
Әбдірахманов Нұрлан Әбдіровқа биліктегілердің оны да қылмысты жолдан шығармай отырғанын айтып өтті. Сондай-ақ мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тіркеу рәсімі созбалакка түсіп жатқан көрінеді.
«Алматыдағы №4-сайлау округына арызымды бергеніме 6 күннен асты. Баска үміткерлер де созбалакка түсті. Прокуратураның тексерісін 5 минутта бітіруге болады. Менінше, тексерісті созу мақсаты ең соңғы сәтте «бір пәле» тауып – «бөтен», «жағымсыз» үміткерлердің жолын кесу. Нұрлан, біл, канға батқан билік ұзаққа бара алмайды. Ертең «судың сұрауы» келгенде өзің қиналып каласың. Ағалық ақылым: бүгіннен бастап адал жолға түс - айыптарынды женілдетемін», – деп жазды экс-депутат.
 width=