Жаңалықтар

Мәжіліс сайлауы: бұл бестіктің бірі «ұйқыдағы» депутаттарды оята ала ма?

Мәжіліс сайлауы: бұл бестіктің бірі «ұйқыдағы» депутаттарды оята ала ма?

2023 жылдың 19-наурызында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау өтеді. Биылғы сайлаудың ерекшелігі бір мандаттық сайлау жүйесі арқылы Қазақстанның кез келген азаматы өзін ұсынып, депутат болуға таласа алады. Комиссия бекіткен құжаттар негізінде шарттар толық орындалса, өзін ұсынған кандидат сайлауға қатысуға және үгіт-насихат жұмыстарын жасауға мүмкіндік алады. Бұған дейін тек партиялық тізіммен Мәжілісте депутат болуға жол алған шенеуніктердің биыл бәсекелестері табылды. Атап айтқанда, қоғамда сөзі өтімді, өте белсенді әрі үлкен аудиториясы бар азаматтар өздерін бір мандат бойынша ұсынуды бастап кетті. Сонымен Мәжіліске депутат ретінде өтіп жатса, халықтың қамын жеп, сонда «ұйықтап» отырған депутаттардың шырқын алып, мазасын кетіретін бестік кімдер?  width= Ермұрат БАПИ. Алматы қаласы. Журналист. «ДАТ» оппозициялық басылымының жетекшісі, қоғам қайраткері.  width= Мұхтар ТАЙЖАН. Алматы қаласы. Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер.  width= Арман ШОРАЕВ. Астана қаласы. Қоғам қайраткері, КТК телеарнасының бұрынғы директоры.  width= Ринат Зайытов. Алматы қаласы. Қоғам белсендісі, айтыскер ақын.  width= Санжар БОҚАЕВ. Алматы қаласы. Саясаткер әрі кәсіпкер.