Жаңалықтар

Павлодар тұрғыны экстрасенске 119 миллион теңге берген

Павлодар тұрғыны экстрасенске 119 миллион теңге берген

Павлодар қалалық №2 сотында хабарланғандай, жәбірленуші мен экстрасенс 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың тамызына дейін кездескен. Осы уақыт ішінде алаяқ өзіне сенген әйелді табиғаттың тылсым күшіне ие екенін айтып сендіреді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Экстрасенс жәбірленушіден 119,5 миллион теңгеге жуық қаржы талап етеді. Бұл ақшаға қала тұрғыны үшін отбасылық байланыстарды, балалардың денсаулығын және бизнестің өркендеуін нығайту қызметтерін орындайтынын айтқан. Әйелдің нақты қай уақытта полицияға жүгінгені белгісіз.

Айта кетейік, сот алаяқты бес жылға бас бостандығынан айырды.