Жаңалықтар

БҚО әкімдігі әуежайдың ресейлік инвесторға сатылатынын білмеген

БҚО әкімдігі әуежайдың ресейлік инвесторға сатылатынын білмеген

Бұл туралы бүгінгі брифингте белгілі болды «Олар бізге өздерінің жоспарлары туралы айтпады. Оларға ресми хат жолдадық. Олар бізге 2-3 апта ішінде облыс басшылығына әуежайды дамыту бойынша жоспарларын көрсететін болған», - деп жауап берді Айдар Менеев журналистердің сұрағына. Әкімшіліктің айтуынша, бұл үкіметтің бекітуі бойынша шешіледі екен. Әкімдіктің шешім шығаруға қатысы жоқ. «Ақжайық» СПК төрағасы Нұржан Өтепбаевтың мәліметінше, өзара келісімнен кейін «Ретранс» АО ««Орал» Халықаралық әуежайы» ЖШС-ның 49% үлесін иеленеді, 2% - заңды тұлға Дәулетхан Қилыбаевтың еншісінде, қалған 49% үшінші – «Орал менеджменті» ЖШС-ға тиесілі. Оның иесі – Сергей Артюгин. Еске сала кетейік, «Бүркіт әуежайы» ЖШС жаңа иелерімен мәміле жасап, оларға «Орал» Халықаралық әуежайы ЖШС серіктестігіндегі өз үлестерін сатқан.