Жаңалықтар

«Дикий» Арманның адвокаттары жиын өткізбек болған ғимараттың жарығы сөніп қалды

«Дикий» Арманның адвокаттары жиын өткізбек болған ғимараттың жарығы сөніп қалды

«Дикий» Арманның адвокаттары жиын өткізбек болған ғимараттың жарығы түгел сөніп қалды деп хабарлайды taulik.kz «Тіл кеспек жоқ» telegram арнасына сілтеме жасап. Құқық қорғаушылар Олег Чернова, Евгений Яворский және Дәулет Байсейітов мұны кездейсоқ емес дейді.
«Жарықтың барлығын әдейі өшіріп тастаған сияқты. Әйтпесе біз бұған бір апта бұрын дайындалғанбыз», – деді олар.
Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған Арман Жұмагелдиевтің адвокаттары Алматы қонақ үйлерінің бірінде баспасөз мәслихатын өткізгісі келген. Бірақ жиын басталардан 20 минут бұрын ғимарат жарығы түгел сөніп қалған.