Жаңалықтар

Перуашев Елбасы үшін жыламағанын, партиясының дұрыс жолда екенін айтты

Перуашев Елбасы үшін жыламағанын, партиясының дұрыс жолда екенін айтты

"Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев журналистерге Елбасы тағынан кеткен кезде не үшін жылағанын және "Бірінші президент туралы" заңның күшін жоюға ешқандай эмоциясыз неге қолдау білдіргені туралы сұраққа жауап берді. 
"Мен ерге тән көз жасымды бірінші президентке бола не оның кетуіне қатысты төккен жоқпын. Маған жеке басыма қатысты "Сіз үшін 90-жылдардың басы қандай мән береді?" деген сұрақ қойылды. 90-жылдардың басында бәріміз, біздің ұрпақ көрмегенді көрдік. Соның ішінде өз жақындарымызды, жалпы жақындарымызды жоғалттық... Мен сол үшін аздап эмоция білдірдім" - деп түсіндірді Перуашев. 
Ол "Ақылды адамдар идеяны, қалғанын басқалар сөз қылады" дегенге келтірді.
"Мен идеяны ұсынданды және талқылағанды құп көремін. Егер біреудің мені талқылағысы келсе, оның оған толық құқығы бар. Дегенмен мынаны түсіну керек, "Ақ жол" партиясы партиясы Парламентте 10 жыл отыр, жұмыс істеп жатыр, ал бұған мен ғана кінәлі деп отырса, онда біз бәрін дұрыс істеп жатырмыз. Яғни біз жарап тұрмыз деген сөз, - деді ол.