Жаңалықтар

Е. Назарбаевтың қызметінен айырылғанына қатысты ресми мәлімет тарады

Е. Назарбаевтың қызметінен айырылғанына қатысты ресми мәлімет тарады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желіде тараған терезесі қараңғыланған көлікті полицейлер тоқтатқаны туралы видеоға қатысты ресми хабарлама таратты. Бұл туралы Antikor news Telegram арнасы хабарлады.  «2022 жылғы 26 қаңтарда Агенттік төрағасының бұйрығымен Е.Назарбаев Агенттіктің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды. 2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды» делінген ресми хабарламада.