Жаңалықтар

Жантүршігерлік жол апатынан 1 адам қаза тауып, 2 адам ауруханаға түсті

Жантүршігерлік жол апатынан 1 адам қаза тауып, 2 адам ауруханаға түсті

"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолында көлік апаты орын алды, деп хабарлайды taulik.kz.
"Екі көліктің қатысуымен болған ЖКО 13 ақпанда Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолының 190 шақырымында орын алды. ҚР ҚК 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлайды ІІМ.
ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмады және қарсы жолаққа шықты. Апат салдарынан 30 жастағы ВАЗ 2114 жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, екі жолаушы ауруханаға түсті. ЖКО орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істейді.