Мюнхен конференциясында әлемнің басты қатері ретінде Ресей көрсетілді
Мюнхен конференциясында әлемнің басты қатері ретінде Ресей көрсетілді
Конференциядағы баяндама бойынша, Украина, Германия, Жапония, Франция, Канада мен АҚШ өкілдері Ресейді ең үлкен қатер деп бағалаған, деп жазады taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Кейінгі орындарда қауіп «азық-түлік, энергетика тапшылығы» деп айтылды. Бұл тізімге ядролық қару мен жаңа індет те кірді.
Ал Украина одақтас ретінде ең жоғары +22 индексімен бағаланды. Одан кейін Польша, Эстония, АҚШ пен Ұлыбритания тұр. Қытай мен Ресей –6 және –20 рейтингімен 21 елдің ішінде соңғы орындарға түскен.