Жаңалықтар

Жаңа Қазақстан үшін атын өзгертіп жіберген Балтабек ақын

Жаңа Қазақстан үшін атын өзгертіп жіберген Балтабек ақын

Балтабек Нұрғалиев есімін ауыстырды. Бұл туралы ақын желідегі парақшасында жазды.
«Мен атымды қойған адамнан: «менің атым азан шақырылып қойылған ба?» деп сұрадым. Ол «жоқ» деді. Сондықтан бұл олқылықтың орнын толтыру үшін, тұрғызылғанына ғасыр толған мешітке барып, атымды азан шақыртып қойғызып алдым. Енді менде жаңа есім – «Исламбек». Құжат бойынша Балтабек. Ал азан шақырылуы бойынша есімім – Исламбек. Жаңа Қазақстан құру үшін адамда жаңа есім болуы керек деп шештім. Дұрыс па?» – деп жазды ол.