Таразда анасын тонаған қыз ұсталды

15 ақпан, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Таразда анасын тонаған қыз ұсталды Таразда анасының заттарын ұрлаған қыз ұсталды, деп хабарлайды taulik.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Ұры пәтерге кіріп, алтын бұйымдар мен Apple Watch сағатын ұрлап кеткен. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында арызданушының 19 жастағы туған қызы анықталды. Күдіктінің айтуынша, ұялы телефонының несиесін төлеу үшін ақша керек болған. Ұрлаған заттарды ломбардқа өткізген. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабының 1- бөлігімен «Ұрлық» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.