Түркиядағы жер сілкінісі: қаза болғандар саны 72 мыңнан асып кетуі мүмкін
Түркиядағы жер сілкінісі: қаза болғандар саны 72 мыңнан асып кетуі мүмкін
«2023 жылы Кахраманмаршеде болған жер сілкінісі – алдын ала бағалау» атты баяндамасында TÜRKONFED кәсіпорны мен бизнес конфедерациясы 6 ақпан күні болған қос бірдей ірі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 72 мыңнан асып кетуі мүмкін деп, хабарлайды taulik.kz.
TÜRKONFED, 1999 жылы болған ірі жер сілкінісіне баға бере отырып дайындаған есебінде: «алдын ала болжам бойынша, қаза тапқандар саны 72 мың 663 адамға, ал жарақат алғандар саны 193 мың 399-ға жетуі мүмкін» дейді.
«Шығын келесідей: 70,75 млрд доллар тұрғын үй қорының шығыны, 10,4 млрд доллар ұлттық кірістің шығыны және жұмыс күндерінің жоғалуына байланысты 2,91 млрд доллар шығын", - делінген хабарламада.TÜRKONFED Түркиядағы 50 мыңға жуық компанияны нарыққа ұсынып отырған бірлестік.