Қазақстан ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығуға тиіс: петиция жарияланды
Қазақстан ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шығуға тиіс: петиция жарияланды
Alash.online платформасында Ресеймен дипломатиялық және экономикалық байланыстарды тоқтату туралы петиция жарияланды, деп хабарлайды taulik.kz.
«Қазақстан билігінен ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды, Ресей Федерациясымен барлық интеграциялық процестерді тоқтатуды талап етеміз! Сондай-ақ бізде ЕАЭО мүддесіне бола, көлікті кедендік рәсімдеу бағасы қымбат болып тұр, атап айтқанда, «бастапқы тіркеу» мен утильалым бағасы», – делінген петицияда.Автордың жазуынша, егер еліміз Ресеймен достық қарым-қатынасын жалғастыра берсе, Ресейдің қолдауынан бас тартпайтын болса, әлем бізден де теріс айналмақ. Қазіргі уақытта петицияға 34 770 адам қол қойған. Оның ішінде 31 536 адам қолдап дауыс берсе, 3 234 адам қарсылық білдірген.