Жаңалықтар

Алматыда бойжеткен жас жігітті тепкілеп тастаған (ВИДЕО)

Алматыда бойжеткен жас жігітті тепкілеп тастаған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде жігітті ұрып-соққан қыздың видеосы тарады. Видеодан оның жігітті жаман сөздермен балағаттап, ақша талап етіп жатқанын көруге болады, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Талдықорған қаласында жасөспірім қызды соққыға жыққан қыздар туралы тақырыптың жалғасы ретінде тағы бір видео келді. Видеода Құндыз есімді қыз жігітті ұрып-соғып, ақша талап етіп жатыр, - делінген видеоның сипаттамасында.
Ішкі істер министрлігі аталған факт бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. «Іс жүргізу аясында заңсыз әрекеттің мән-жайы анықталады. Алматы қаласындағы колледждердің бірінде оқитын 2005 жылы туған Б.-ның ювеналдық полицияның есебінде тұрғанын хабарлаймыз. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау дерегі бойынша қыздың анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша материал жиналды», - делінген хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)