Жаңалықтар

Сарбаз өліміне қатысты фактілер: заңгер Пірәлиев заң бұзбағаны анықталды

Сарбаз өліміне қатысты фактілер: заңгер Пірәлиев заң бұзбағаны анықталды

Астана қаласының адвокаттар алқасы адвокат Сержан Пірәлиев ешқандай этикалық нормаларды бұзбағанын анықтады. Адвокат бұл туралы әлеуметтік желіде мәлім етті, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жаңа ғана Астана қаласының адвокаттар алқасы маған қатысты тәртіптік істі қарады. Оның қорытындысы бойынша адвокат ретінде менің ешқандай этика нормасын бұзбағаным анықталды", - деді ол.
Айта кетейік, 2022 жылдың 19 тамызында «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылғы асылып тұрған жерінен табылған болатын. Күдікті сержант Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Пірәлиев таяуда журналистерге осы іске қатысты адам сенгісіз фактілерді жариялады. Оның айтуынша, сарбаздың киімі мен аузынан бірнеше адамның шәуеті анықталған. Осы ақпаратты жариялағаны үшін ІІМ "Пірәлиев адвокаттық этиканы бұзды" деп айыптап, істі Әділет министрлігіне жолдаған еді.