Жаңалықтар

Вице-премьер киіміне қатысты жауабымен журналистерді күлдірді

Вице-премьер киіміне қатысты жауабымен журналистерді күлдірді

Сенат отырысында Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен журналистер арасында қызықты әңгіме өрбіді, деп жазады taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Серік Жұманғаринге сауал қойған БАҚ өкілдері Сауда және интеграция министрі ретінде отандық өнімді қолдап, Қазақстанда тігілген киімнен не киетінін сұрады. Вице-премьер күлімсіреп жауап беріп: "Бірдеңе дұрыс емес пе" деп әзілмен сұрады. Журналистер оның қаншалықты отансүйгіш екенін, отандық тауар өндірушілерді іс жүзінде қалай қолдайтынын білгісі келетінін айтты.
"Менің жеке басыма қатысты сұрақтарға жауап бермейтін ұстанымым бар. Мен бұл жерге жұмыс істеу үшін келдім. Қызметтік міндеттерім туралы кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Ал отбасыма және жеке өміріме қатысты сұрақтарға жауап бере алмаймын", - деді Жұманғарин.