Жаңалықтар

Ауылдағы жастарды ұстап тұру үшін интернет керек

Ауылдағы жастарды ұстап тұру үшін интернет керек

Интернеті жоқ ауылда жастарды ұстап тұру мүмкін емес. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов осылай деп есептейді.
"Ең үлкен сұрақтардың бірі, егер біз адамдардың ауылдарда қалуын қаласақ, оларды толығымен интернетпен қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінде ауылда жастар интернетсіз өмір сүрмейді. Неліктен? Себебі бұл уақыт талабы", - деді ол.
Ералы Тоғжанов өңірдегі проблеманы шешу үшін Мин басшысымен кездесулер өткізгенін атап өтті. Осы жылдың ақпан айының басында Қазақстандағы 882 ауылдың тұрғындары интернетке қолжетімсіз қалатыны хабарланды.