Жаңалықтар

Енді жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қаржы бөлінбейді – Үкімет

Енді жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қаржы бөлінбейді – Үкімет

Үкімет жеңілдетілген несиемен көлік алу бағдарламасына енді қаражат салмайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz. Бұған дейін Үкімет бұл бағдарлама үшін бюджеттен 88 млрд теңге, утилизациялық алымнан жиналған қаражаттан 100 млрд теңге ақша алып салған еді.
«Осылайша, бағдарламаның айналымында 188 млрд теңге жатыр. Бағдарламаға деген сұраныс, әрине, жоғары, бірақ оған салған осы 188 млрд теңге жеткілікті. Алдағы уақытта біз бұл бағдарламаға ақша құймаймыз. Өйткені үкіметтің атқаратын басқа да маңызды міндеттері бар. Бағдарлама орындалды деп санаймын», - деді Скляр.