Алақандағы өзгерістен қатерлі ісікті анықтауға бола ма?
Алақандағы өзгерістен қатерлі ісікті анықтауға бола ма?
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша, әлемдегі әрбір бесінші адам қатерлі ісікпен ауырады. Жыл сайын тіркелгендердің көпшілігі жүрек-қан тамырлары мен онкология ауруларынан көз жұмып жатыр. «Ал бұл аурудың өршуіне коронавирустық пандемия үлес қосты деуге негіз бар», деп хабарлайды taulik.kz сайты tengrinews-ке сілтеме жасап.
Британдық дәрігерлердің айтуынша, алақанымыздағы 5 өзгеріс арқылы қауіпті аурудан күдіктенуімізге болады. Әрине, бұл белгілер арқылы аталған ауру сирек кездессе де, медицинада бұл фактіге ұқсас жағдайлар орын алған. Сондықтан белгілермен таныс болғаныңыз абзал!
Ендеше алақаныңыз бен оның терісіне, саусақтарыңызға мұқият қарап, өзгерістерді ескеріңіз.
Егер алақаныңыздың терісі барқыттай болып әжім түссе. Ыстық душ қабылдағаннан кейін алақаныңыздың қалай көрінетінін елестетіңізші. Саусақтар кішірейіп, жеңілірек болып көрінеді. Сарапшылар алақанның дәл осы күйге өзгеруі өкпенің қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін екендігін айтады.
Алақанда бөртпе пайда болып, сағат сайын қатты қышып қызарса бұл да бір белгі екенін есте ұстаңыз;
Саусақтардың пішіні өзгерсе;
Тырнақ түбінің жұмсаруы мен айналасындағы терісінің қызаруы байқалса;
Тырнақ төсеніші мен қатпар арасындағы бұрыш ұлғайып, тырнақ қатты бүгілсе;
Мұндай өзгерістер онкологиялық процестер туралы сигнал бере алады, бірақ көбінесе бұл өкпенің қатерлі ісігінің көрінісі.
Ал өкпе ісігін қалай тануға болады?
- тұрақты жөтел (қанды қоса алғанда);
- ентігу;
- кеудедегі ауырсыну (бұрынғы жарақатсыз);
- дауыстың қарлығуы;
- салмақ жоғалту және жалпы бұзылу.
Бұл сізге қарапайым белгілер болып көрінуі мүмкін, бірақ сіз тізімдегі белгілерді байқасаңыз дәрігерге, пульмонолог, онкологқа хабарласуыңыз керек. Дәрігер тексеріп, КТ немесе диагностикалық әдіс тағайындап ауруды растайды немесе толықтай жоққа шығаруға көмектеседі.