Жаңалықтар

Қазақстандық құтқарушылар шетелдіктерді таңқалдырды

Қазақстандық құтқарушылар шетелдіктерді таңқалдырды

Түркиядағы зілзалада зардап шеккен жерлерде тер төккен қазақстандық құтқарушылар өздерінің ерекше құтқару әдісімен өзге елдің азаматтарын таңқалдырған. Бұл жайында журналист Нұрбек Бекбау әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Журналистің жазуынша, қазақтың төтенше қызметі Газиентеп шаһарына келгенде шеткірек бір учаскені берген. Қазақстандық құтқарушылар өздеріне берілген аумақтан 3 адамды қирандылар арасынан дін аман суырып алады.
«Шетелдік құтқарушылар қиранды астында қалып қойған адамдарды тек ауыр техника күшіне сүйеніп қана шығарады. Оған ұзақтау уақыт керек. Тірі жатқан кісі күтіп жатып-ақ өліп қала берген. Ал қазақ жасағының тактикасы өзгеше. Қираған ғимараттың бүйірін үңгіп, жетіп барады немесе үй жанын ойып, басылып қалған кісінің астынан келеді. Осындай пидагерлікке баруының арқасында жігіттеріміз 7 жанды аман алып қалды. 88 адам денесін қиранды ішінен суырып алды. Біздің жігіттер қабырғаларды қақырата қазып жатқан кран аяулы адам денесін мылжалап тастауына жол бермей, әр марқұмның арулап көмілуіне жағдай жасады. Түріктер осыдан кейін Газиантеп қаласындағы бізге тиеселі 3 учаскеде қазақтың жігіттерін негізгі күш етіп, басқасын соларға бағындырып қойды. Кеше қиранды үйлердің астынан тірідей болса тірідей, шейіт болғандардың денесін алып шығып, үйінді болған үйлерді сүріп, тап-таза етіп барып, елге қайтты», - деп жазды Нұрбек Бекбау.
 
View this post on Instagram
 

A post shared by Нұрбек Бекбау (@nurbek_bekbau)