Әлемдегі ең кедей елдердің бірі Түркияға 4 млн доллар жинап берген
Әлемдегі ең кедей елдердің бірі Түркияға 4 млн доллар жинап берген
Халықтың тұрмыс деңгейі өте төмен әрі әлемдегі ең кедей елдердің бірі саналатын Сомали елі Түркияны қолдау үшін 2 күнде 4 миллион АҚШ долларын жинап берген, деп хабарлайды taulik.kz.
Аталған қаржының бір миллион долларын мемлекеттік мекемелер жинап берсе, қалған 3 миллион долларды халық жинап берген.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, мұндай қайырымдылық акциясын ел премьер-министрі Хамза Абди Барре ұйымдастырған.
Сомали ЖІӨ бойынша ең кедей елдердің біріне жатады. 2021 жылы ЖІӨ – 466 долларды құраған. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Қазақстанда бұл көрсеткіш 10 373 долларды құрайды.