Жаңалықтар

Ақтауда есірткі сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды

Ақтауда есірткі сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды

14 ақпанда Маңғыстау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау ш / а 5 аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі сатуда күдікті 20 жастағы Ресей Федерациясының азаматын анықтады, деп жазады ІІМ баспасөз қызметі. "Жеке тінту барысында синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ қалтасынан 2 дана электрлік таспаға оралған, діни кітап пен тасбих тәркіленді.  width=
Сонымен қатар, тұрғылықты жерін тінту кезінде діни мазмұндағы әдебиеттер тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.