Жаңалықтар

«Қазақстандық» деп ресейдің 1 млрд теңгеге жуық астығын бірнеше елге шығарған

«Қазақстандық» деп ресейдің 1 млрд теңгеге жуық астығын бірнеше елге шығарған

Қазақстандық компания транзиттік тарифтен қашып қана қоймай, «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-ны 150 миллион теңге шығынға батырған. Қаржы мониторингі Агенттігінің департаменті мен Павлодар облысының көлік прокуратурасы Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау үшін ресейлік астықтың сұр импортының сызбасын анықтады, деп хабарлайды ҚМҚ баспасөз қызметі. ЖШС-нің бірі 2021-2022 жылдар кезеңінде Өзбекстанға, Ауғанстанға және Тәжікстанға 1 млрд теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астық экспорттағаны анықталды
«Жеңілдікті экспорттық тарифті алу үшін қазақстандық компания отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактураларын пайдаланды, бұл транзиттік тарифтен жалтаруға және  «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-не 150 млн теңгеге жуық сомада залал келтірді», - деп атап өтті АФМ.