Жаңалықтар

Шымкентте алаяқ InDriver жүргізушілерінің мәліметтерін алып, несие рәсімдеген

Шымкентте алаяқ InDriver жүргізушілерінің мәліметтерін алып, несие рәсімдеген

Полицейлер алаяқтық жолмен InDriver жүргізушілерінің деректерін алып, оларға шағын несие ұйымдарынан несие рәсімдеген Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды taulik.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Шымкент тұрғыны InDriver қосымшасы арқылы жолаушыларды тасымалдауға тапсырыс беремін деген желеумен жүргізушілердің жеке куәліктерін, салыстыру үшін фотосуреттерін, сондай-ақ банк шотының деректемелерін алаяқтық жолмен алған. Содан кейін жәбірленушілерге микрокредиттік ұйымнан несие рәсімдеген», - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Орын алған жағдайға байланысты InDrive баспасөз қызметі де ресми ақпаратпен бөлісті:
"Пайдаланушылардың InDriver  қызметінің қызметкерлерімен байланысы тек InDrive қосымшасының ішінде жүзеге асырылады. Бұл  жүргізушілердің құжаттарын тексеретін қызметкерлерге қатысты. Пайдаланушылардың жеке деректеріне тек белгілі бір қызметкерлер тобы ғана қол жеткізе алады, ал пайдаланушылардың дербес деректерін үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады және ұсыныспен реттеледі. Егер пайдаланушылар InDriver қолданбасынан тыс күмәнді сұраулар алса, қолданба ішіндегі қолдау чаты, әлеуметтік желілер немесе біздің пошта support@indrive.com арқылы түсініктеме алу үшін хабарласады" "Біз әлеуметтік желі арқылы барлық пайдаланушыларды қосымшадағы желілер, хабарландырулар мен баннерлер арқылы қырағы болу, хат-хабарларды басқа мессенджерлерге бермеу және жеке және банктік деректерді үшінші тұлғаларға жарияламау туралы үнемі хабардар етеміз. Сәйкесінше, inDrive платформасынан тыс орын алған байланыстар мен келісімдерді бақыламаймыз"
Ал,полицияның мәліметінше, қазір оның осындай 9 фактіге қатысы бар екені дәлелденді. Ішкі істер министрлігі банктермен бірлесіп, азаматтардың шоттарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз несиелердің берілуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.
«Алаяқтық нөмірлерден жасалған интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында байланыс операторлары қазақстандық абонентке қоңырауды қабылдау сатысында жалған нөмірлерді анықтауға техникалық жұмыстарды жүргізді», - деп қорытындылады құқық қорғау органы.