Жаңалықтар

Журналист Козачков әлеуметтік желіде ешкім күтпеген жазба жариялады

Журналист Козачков әлеуметтік желіде ешкім күтпеген жазба жариялады

Журналист Михаил Козачков өзінің ісіне қатысты мәселеге жауап беріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Козачков 18 желтоқсаннан бері екі бойы қамауда болғанын, кейін үйқамаққа ауысқанын жазған. Бұдан бөлек журналист өзін бірнеше қылмыстық іске қатысы бар деп тергеуге алғанын да айта кетті.
«Осы уақыт ішінде өте үлкен әрі қызық, жақсы адамдармен танысты, өмірдің жақсы жағын түсіндім деп айтуға болады. 11 жылға бас бостандығынан айырылған жас жігіттердің қуанғанын көрдім, негізі оларға 14-15 жыл берген», - деп жазды журналист.
Ол қамауда жатқан кезінде көргендерін айтып келіп, болашақа жазатын мақаласына түрлі қызық деректер тапқанын жеткізді.
«Өткен сенбіде маған айыптаудың өзгеруіне байланысты бұлтартпау шарасы өзгертілді. Мен барлық мәліметтерді жариялай алмаймын, бірақ мен күдікті деп танылған мақалалар тізімі айтарлықтай қысқарды. Мысалы, менің өкініш білдіруіме байланысты заңсыз жариялаған мемлекеттік құпияларды ашу ісі тоқтатылды», - дейді Козачков.
Журналист өзінің зерттеу жасау кезінде түрле заңсыз әрекеттерге барғанын жазып, бірнеше адамның жеке мәліметтерін таратып жібергенін мойындады.
«Мен өзімнің қателік жасағанымды түсінемін, кейде шынайы дүниеден адасып кетемін, сондықтан ол үшін жауап беруге дайынмын», - деп жазды ол.