Жаңалықтар

Жамбыл облысындағы сарбаздың қазасына қатысты тың дерек шықты

Жамбыл облысындағы сарбаздың қазасына қатысты тың дерек шықты

Бас әскери прокуратура Бекбол Мираштың қазасына қатысты жыныстық зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарды.
«Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық мүмкіндігі тексерілді. Алайда, бұл дерек расталмаған», - делінген прокуратура хабарламасында.
Еске салсақ, былтыр «Шөлдала» шекара заставасында сарбаз Б. Мираш көз жұмған еді. Билікті асыра пайдалану, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның әскери қызметшісі ұсталды. Оның адвокаты бұл іске қатысты тың ақпаратты жариялап, зорлық-зомбылық белгілері барын айтқан.