Жаңалықтар

15 күнде 6 табиғи апат: Әлемде не болып жатыр?

15 күнде 6 табиғи апат: Әлемде не болып жатыр?

Биылғы жылдың ақпан айында әлем елдерінің біразы табиғи апаттардан зардап шекті. Ай әлі біткен жоқ, десе де 6 мемлекетте табиғи апат болып үлгерді. Жалпы есеп бойынша апат салдарынан 45 мыңға жуық адам қаза тапқан. Taulik.kz тілшісі 15 күнде болған табиғи апаттарға шолу жасайды. Сонымен қатар «Қазақстанда қандай апат болуы мүмкін?» деген сұраққа жауап беріледі.

Түркия – жер сілкінісі

[caption id="attachment_9933" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: aa.com.tr[/caption] 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды. Мәлімет бойынша, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 6,6 магнитудалы жер сілкінісі Ислахие ауданында тіркелген. Зілзаладан ғимараттар қираған. Ал 7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда – Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада сезілген. 7 ақпанда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жеті күндік ұлттық аза тұту жариялап, жойқын зілзаладан зардап шеккен 10 провинцияда 3 айға төтенше жағдай режимін енгізгенін хабарлады.
«Біз Түркия тарихындағы ғана емес, тұтас аймақ пен әлемдегі ең үлкен апаттардың біріне тап болдық. Апат аймағында жұмыс істеу үшін барлық мемлекеттік құрылымдар, қызметкерлер мен техникалар жұмылдырылды. Бірінші кезеңде апат аймағының тұрғындарына шұғыл көмек көрсетуге 100 млрд лира бөлінді», – деді Ердоған.
Кейінгі есеп бойынша, Түркияның оңтүстігінде жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 020 адамға жетті. Зілзаладан кейін 6 210 афтершок болған, деп атап өтті ведомстводан. 18 ақпандағы AFAD мәліметтері бойынша, «жер бетінде» Түркия мен шет елдерден келген іздеу-құтқару жасағының 19 436 мүшесі жұмыс істейді. Апат аймағында барлығы 216 166 шатыр орнатылды, оларды Түркияның министрліктері мен тиісті мекемелері, сондай-ақ шет елдер мен халықаралық ұйымдар ұсынды.

Сирия – жер сілкінісі

 width= 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болғаны белгілі. Зілзала елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Іздеу-құтқару жұмыстары зілзаладан зардап шеккен Идлиб, Алеппо, Хама, Лазкие және Тартус провинцияларында жүргізілген. Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, Идлиб провинциясында және «Евфрат қалқаны» мен «Зәйтүн бұтағы» операциялары аймақтарында 2 166 адам қаза тауып, 2 950-ден астам адам зардап шеккен. Sana агенттігінің мәліметінше, Башар Асад режимі бақылауындағы Алеппо, Лазкие, Хама және Тартус провинцияларында 1 408 адам қайтыс болды, 2 341 адам зардап шекті. Осылайша, Сириядағы табиғи апат құрбандарының жалпы саны 3 574-ке дейін өсті.

Чили – орман өрті

[caption id="attachment_9935" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: www.aa.com.tr[/caption] 9 ақпанда Чили үкіметі елдің үш орталық аймағындағы аптап ыстықтан шыққан орман өрттеріне байланысты жоғары дабыл режимін жариялады. Чилиде орман өрті бір аптадан астам уақыт болып, 24 адам қаза тапқан. Өрт салдарынан мыңдаған адам баспанасыз қалды. Сюбле, Мауле, Биобио және Ауракания аймақтарында 300 мың гектарға жуық аумақ өртенді. Өрттен шыққан түтін ел астанасы Сантьягоны орап алды. 300-ден астам жалын ошағын сөндіруге 5 мыңнан астам құтқарушы жұмылдырылды.

Жаңа Зеландия – жер сілкінісі, «Габриэль» циклоны

[caption id="attachment_9936" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: magspace.ru[/caption] 14 ақпанда Жаңа Зеландия жағалауында магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі болып, арты «Габриэль» циклонына ұласты. Жерасты дүмпулері Жаңа Зеландияның Солтүстік және Оңтүстік аралдарын бөліп тұрған Кук бұғазының суларында тіркелді. Зілзала ошағы Веллингтон аймағындағы Лоуэр Хатт қаласынан солтүстік-батысқа қарай 79 шақырым жерде, 74 шақырым тереңдікте болған. Сол күні Жаңа Зеландияда бір тәуліктің ішінде шамамен 350 мм жауын-шашын түсіп, Үкімет елдің солтүстігінде орналасқан 6 өңірде төтенше жағдай жариялады. 19 ақпанда табиғи апат салдарынан 11 адамның мерт болғаны анықталды. Дегенмен ел билігі қаза тапқандардың саны мұнан да арта түсетіндігін жасырмады.

Тәжікстан мен Қырғыз Республикасы – қар көшкіні

[caption id="attachment_9937" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: khovar.tj[/caption] 19 ақпанда Тәжікстанның таулы аймақтарында бірнеше қар көшкіні жүріп, көлік қозғалысы жабылды. 15-19 ақпан күндері Тәжікстанда 200 қар көшкіні, 7 саз көшкіні және 6 тасқұлама жүрді. Қар көшкіні салдарынан 19 тәжікстандық қаза тапты. Ал Қырғыз Республикасының Жалал-Абад облысындағы Тогуз-Тороу ауданында қар көшкіні астында қалған 45 жастағы ер адамның денесі табылды.

Бразилия – су тасқыны

[caption id="attachment_9938" align="alignnone" width="1280"] width= Фото: trend.az[/caption] 20 ақпанда Бразилияның Сан-Паулу штатында толассыз жауған нөсерден 36 адам мерт болды. Оған дейін дәл осы апаттан 24 адам қаза тапқан. Бір тәулікте өңірде айлық жауын-шашын мөлшері жауған. Қатты зардап шеккен Сан-Себастьян және Бертиогада бұл көрсеткіш рекордтық 627 және 683 мм жеткен. Табиғи апаттан көптеген су тасқыны мен көшкін болып, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары қираған. Жергілікті биліктің мәліметінше, үйінді астынан ондаған адам табылып жатыр. Бес муниципалитетте ТЖ режимі жарияланды. Көптеген аудандарда су және электр жоқ, ұялы байланыс жұмыс істемей қалған. Құтқаруға жүзден астам құтқарушы тартылды. Сонымен қатар осыған байланысты жергілікті билік карнавал мерекелеуге арналған ойын-сауық шараларын тоқтатқан.

Қазақстанда су тасқыны болуы мүмкін бе?

 width= 6 ақпанда «Қазгидромет» РМК су тасқыны бойынша алдын ала болжам жасады.
«Ақпан айында температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде еріген қар және жаңбыр суының ауқымды тасқыны болуы мүмкін» – делінген хабарламада.
Алайда қыс әлі бітпегендіктен, қардың жинақталу кезеңі де жалғасады, көпжылдық бақылауларға сәйкес, көктемалды кезеңде тәулік ішінде бір айлық мөлшердегі жауын-шашын жаууы мүмкін. Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 3 см-ден 84 см-ге дейін артық. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда орта есеппен 7 см-ден 40 см-ге дейін кем. Қазақстанның жазықтағы өзендері бассейнінде жиналған қар жамылғысындағы судың қоры айтарлықтай әркелкілігімен сипатталады, нақтырақ айтсақ, ол Ақмола, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында орташа көпжылдық мәннен төмен, ал Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа көпжылдық мәннің шегінде. Консультативтік синоптикалық ауа-райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жуық, ал республиканың оңтүстік және шығыс өңірлерінде негізінен жылы және жауын-шашынды болады деп күтілуде. Синоптиктер Қазақстанның жазықтағы өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулердің деректеріне сәйкес жасалғанын ескертті.

Елімізде 7-9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

Сейсмолог еліміздегі сейсмикалық қауіпті аймақтарға жататын облыстарды атады. Маманның мәліметінше, 7-9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін аймақтар – ШҚО, Абай, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстары. Бұл жерлерде апат болуы мүмкін.
«Бұл аймақтарда еліміздің 40%-ы, яғни шамамен 8 млн халық қоныстанған әрі мемлекеттің 40% өндірістік әлеуеті шоғырланған. Бұл аймақтарда өндірістік қалалар орналасқан. Олар – Өскемен, Алматы мен Шымкент қалалары», – дейді сейсмолог.
https://www.youtube.com/watch?v=rXCnqkiK7q8&t=35s