Жаңалықтар

Алматыда мұғалім оқушылардың көзінше теңіз шошқасын мүшелеп сойған

Алматыда мұғалім оқушылардың көзінше теңіз шошқасын мүшелеп сойған

Алматы полициясы сабақ үстінде теңіз шошқасын ұрып өлтіріп, оны оқушыларға сойып көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді. Хабар 24 арнасының хабарлауынша, аталған жағдай Алматыдағы «125 ALMATY» жеке мектебінде болған. Биология пәні мұғалімінің тәжірибелік мақсатта теңіз шошқасын ұрып, оны сойып жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен қалалық Білім басқармасының мамандары аталған білім мекемесіне барып, мән-жәйды анықтаған. Мұғалімнің айтуынша, ол оқушылардың өтініші бойынша анатомия мен физиология бөлімін түсіндіру үшін теңіз шошқасын мүшелеп көрсеткен дейді білім басқармасының өкілі.
 «Мектеп ұжымына алдағы уақытта мұндай жағдайды болдырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ мектеп ішінде бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар берілді. Қоршаған ортаны сақтау мен жануарларға қатыгездік көрсетудің алдын алу туралы тәрбиелік жұмыстар жүргізу қажеттігі айтылды. Аталған жағдайдан соң биология пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан кетті», – деді қалалық Білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова.