Ақтау әкімдігі Каспий жағалауындағы 21 жер телімін негізсіз бере салған
Ақтау әкімдігі Каспий жағалауындағы 21 жер телімін негізсіз бере салған
Ақтау әкімдігі Каспий теңізі жағалауындағы 21 жер телімін негізсіз берген. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының м.у.а. Шамурайт Шаменов мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің теңіз жағалауындағы жерлердің берілуіне жүргізген мониторингі нәтижесінде, Каспий жағасындағы туризмді дамытуға арналған 21 жер телімі негізсіз берілгені анықталды.спий
«2021 жылы қалалық әкімдік тұрғынға «демалыс базасы құрылысын салуға арналған» игерілмеген 10 соток жер телімін кеңейту үшін іргелес жерден, қосымша тағы да көлемі 4,7 соток жер телімін 3 жылға жалға берген. Жер телімі осы күнге дейін игерілмеген және мемлекетке қайтару үшін сотқа талап арыз берілді», - деді Шамурайт Шаменов.