ISW: Ресей 2030 жылы Беларусьті өзіне қосып алу жоспарын дайындаған
ISW: Ресей 2030 жылы Беларусьті өзіне қосып алу жоспарын дайындаған
АҚШ-тың соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшылары НАТО-ны жақын арада проблема күтіп тұрғанын, оның Ресей басып алатын Беларусь арқылы келетінін айтып, дайындық жасауға шақырды. Бұл туралы taulik.kz BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Мұндай болжамның айтылатыны белгілі, дегенмен ISW сарапшыларының қолына Кремль дайындаған, 2030 жылы беларусьтарды толық жаулап алуға болатын, стратегиялық маңызы бар құжат түскен және соған сілтеп олар ақпарат берген.
Егер бұл орын алса, сондай-ақ Ресей Қырымды және Херсон облысының бір бөлігін қалдыра алса, Мәскеу Украина мен НАТО-ның шығыс шекараларына одан әрі қауіп төндіретін үлкен алаң болады, деп санайды ISW
Бұған жол бермеу үшін Батыс Украинаға кез келген жағдайда оның аумақтық тұтастығын сақтауға көмектесуі керек.