Қазақстанда 10 жыл тұрақты тұруға рұқсат берілгендер белгілі болды

23 ақпан, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Қазақстанда 10 жыл тұрақты тұруға рұқсат берілгендер белгілі болды Шетелдіктерге елімізде тұруға мүмкіндік беретін сұранысқа ие мамандықтар тізімі бекітілді, деп хабарлайды taulik.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Тізімге денсаулық сақтау, инженерия, ақпараттық технология, ғылым және тағы басқа салада сұранысқа ие 21 мамандық енген.
Сұранысқа ие мамандықты меңгерген шетелдіктер төлем қабілеттілігін растамай, ішкі істер органдарында оңайлатылған тәртіппен тұруға рұқсат рәсімдей алады. Тұруға рұқсат 10 жылға немесе шетелдік паспорттың қолданылу мерзіміне сәйкес беріледі, - деп жазылған хабарламада.
Министрліктің «Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап күшіне енеді. Сұранысқа ие мамандықтар тізімі төмендегідей: