Дүйсенбі, Маусым 5 2023

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Ақтөбе облысында жұмысқа кетіп, оралмаған 47 жастағы әйел өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Taulik.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, бүгін жедел-тергеу іс-шаралары кезінде аталған жағдайға қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды. Оның автокөлігінен жоғалған әйелдің пышақ жарақаты бар мәйіті табылды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button